Меню KDT

№ 264 мектеп-лицей тарихы

 №264 мектеп-лицей туралы мәлімет

 
        Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №5 мекен жайда орналасқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған1248 орындық  №264 мектеп-лицейдің құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісін бекіту туралы қала әкімінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі №148-Ө өкімі шықты. №264 мектеп-лицей 2010 жылдың 15 қарашасында ашылды. Мектеп –лицей директоры қызметіне Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы тағайындалды.
   Сапалы білім беру үшін сапалы мектепті қажет етеді. Сондай мектептердің бірі №264 мектеп- лицей заман талабына сай соңғы техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
   Бұл мектептің іргетасы 2007 жылдың қараша айында қаланған. Сметалық құны 1млрд,630 млн теңге тұратын құрылысты жергілікті «Асар- Холдинг ЛТД» ЖШС жүргізген.
Зәулім де биік ғимарат қала көркіне өзіндік ажар, көрік беріп тұрған нысандардың біріне айналды.
    1248 орындық білім ошағында 2010-2011 оқу жылында мектеп-лицей 1604 оқушы,57 сынып жиынтығымен , 187  мұғаліммен өз жұмысын бастады.
  №264 мектеп- лицейінде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Оқуға арналған 50 кабинет болса, лабораториялық кабинеттер саны 6-ға жетіп отыр. Сонымен қатар білім ордасында су жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген кітапхана, оқу залы, 4 технология, 3 информатика кабинеттері бар.   
   Уақыт талабына сай қазіргі күні жаратылыстану- математика бағытына айрықша көңіл бөлініп келеді. №264 мектеп-лицейде жаратылыстану пәндері тереңдетіліп оқытылады. Осы пәндерді оқуға барлық жағдай жасалған. Мектептің құрылыс жобасы бойынша шетел тілдерін, информатика, технология, физика, химия және биология пәндерін топтарға бөліп оқыту үшін барлығы 12 зертханалық және тәжірибелік кабинеттері бар. Мектеп- лицейде 2 спорт зал және оқушыларға  арнайы жабдықталған басcейн жұмыс жасайды. Сондай-ақ мектеп-лицейде оқушылардың денсаулығын жүйелі қадағалау үшін дәрігер, процедуралық, тіс дәрігерлерінің кабинеттері бар. Сонымен қатар, психолог мамандар жұмыс жасайды. Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 448 орындық асхана және 24 орындық арнайы буфет бар.
   Мектеп- лицейде балалардың қызығушылығын оятатын түрлі үйірмелер, спорттық секцияларда жұмыс жасайды. Оның ішінде «Домбыра», «Еркін күрес» секілді үйірмелер балғындардың ерекше көп қатысып, айрықша қызығушылықтарын тудырған жұмыстар қатарында.
   №264 мектеп-лицейдің жетістіктеріне келер болсақ 2010-2011 оқу жылында пәндік олимпиада да сыныптары бойынша физика пәнінен 3 оқушы жүлделі 2-ші орынға ие болса, химия және орыс тілі пәндерінен 2 оқушы жүлделі 3- ші орын иеленді. Шәкірттерімен қатар өздері де биік шыңдардан көрініп жүрген бірқатар ұстаздар осы мектепте қызмет жасайды. Олардың қатарында қалалық «Алтын диск» байқауының ІІ орын иегері Гүлназ Мырзалиева да бар. Осындай еңбектерінің жемісін көрген ұлағатты ұстаздар келешекте де алған бағыттарынан таймақ емес.
     №264 мектеп-лицейде 2011 жылдың 21 ақпан айынан  бастап 75 орынға лайықталған мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасайды. Шағын орталықта 3 топ,75 бала, 7 педагог маман жұмыс жасайды.
Мектеп жанындағы шағын орталықтың бүлдіршіндерді тәрбиелеу мен оқытудағы ең негізгі мақсаты- бала денсаулығын сақтау, ата- аналарға толық күн жұмыс істеуге жағдай жасау, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында, балалардың танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, шығармашылық құзіреттілік дағдыларын қалыптастыру көзделген.
  Шағын орталықта оқу тәрбие жұмысы «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде жүргізіледі.
   Қазақстандық  ұлтжандылықты, азаматтықты, төзімділікті, рухани құндылықты, рух-жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында №264 мектеп-лицейінде  12 бағыт бойынша, «Жас ұлан, жас қыран» ұйымымен  тәрбие және біліктілікті жеткізу іс-шаралары ұйымдастырылып, түрлі жаңаша бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.
     Жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғасын алдын алу және жол қозғалыс ережесін насихаттау барысында өткізілетін қалалық «Қозғалыстың жас инспекторлары» байқауында мектеп-лицейдің «Нұр ұлан» тобы жүлделі 1-ші орынды иеленіп,облыстық байқауға жолдама алды.
    2011 жылдың 5 қазан күні Қызылорда қаласындағы № 264 мектеп-лицей базасында «Мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» семинар-кеңесі өткізілді. Семинар барысында «Қызылорда достарды қарсы алады» атты балалар концерті болып өтті.
Балалар концертіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов, ҚР еңбек және халықты әлеметтік қолдау министрі Әбдіқалықова Г.Н., «Өркен» АҚ директоры Шәмшединова К.Н., «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, сонымен қатар ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының, ЮНЕСКО-ның өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары; облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, біліктілікті арттыру институттарының мамандары; педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің басшылары мен мамандары; обл/ауд/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандары; жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері, педагогтары; «Даму» шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.
        2011 жылдың 1 қазанынан бастап мектеп-лицей жанынан «Қосымша білім беру орталығы» өз жұмысын бастады. Орталықта 5 түрлі үйірмеде 9 маман жұмыс істейді.Ән айту, домбыра,сурет салу,күрес және хор үйірмелерінің мектеп оқушыларына берері көп.
   №264 мектеп-лицейдің 2011-2012 оқу жылында да жетістіктері  мол. 2011-2012 оқу жылында пәндік олимпиада да сыныптары бойынша физика пәнінен 2 оқушы жүлделі 1-ші және 2-ші орындарға,математика пәнінен 2 оқушы жүлделі 1-ші және 2-ші орындарға, информатика пәнінен 3 оқушы жүлделі 2-ші және 3-ші орындарға, химия және география пәндері бойынша 3 оқушы жүлделі 3-ші орынға ие болса, орыс тілі пәнінен 6 сынып оқушысы Серғазықызы Азиза жүлделі 1-ші орынды  иеленді.  
    Бастауыш бірлестігі үшін үлкен жетістік болған дүниетану пәнінен олимпиаданың І кезеңінде (мектепішілік) орын алған оқушылар 3-ші сыныптар аралығында І орын: Қанатбек Дана Дінмұхамедқызы , 4-сыныптар аралығында І орын алған Мырзабеков Фархад Рашидұлы.Аталған оқушылар қалалық олимпиадаға қатыстырылып жүлделі ІІІ орындарға ие болды.Пән мұғалімдері Байқадамова Гүлсім және Молдахметова Ұлған.
«Ақбота» интеллектуалдық олимпиадаға 3-4 сынып оқушылары қатыстырылып, 3 оқушы Дөнесова Жанель 3«б» сынып оқушысы (с.ж Исаханова Кенже), Ануарбек Аружан 4«г» сынып оқушысы (с.ж Молдахметова Ұлған), 3«а» сынып оқушысы Болат Фазилия (с.ж Өміралиева Айгүл) І орындарға ие болды.
4«а» сынып оқушысы Есет Әлішер , 4 «ә» сынып оқушысы Уәлихан Аружан, 3«г»  Раим Аян, 3«а» Нұртай Гүлжан,  3«д» Құрбақова Лола, 3«в» Биғалиев Фархад ІІ орындарға ие болды.
Қызылорда қаласында егіз туылғандарды өнерге баулу арқылы жан-жақты насихаттау және таланты мен өнерін ұштай отырып, түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысуына жол ашу мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Біз талантты егіздерміз» атты егіздер арасындағы шоу бағдарламаға қатысып, жоғарғы деңгейде өнер көрсеткені үшін   1 «д» сынып оқушылары жүлделі ІІ орынға ие болды. Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай  ұйымдастырылған «Объективте мен және кітап» атты фото-галереяға белсене қатысқаны үшін 1 «ә» сыныбының оқушысы алғыс хатпен марапатталды.  18 сәуір Халықаралық ескерткішінің маңында өткен «Ескеркіштер –ел мерейі» атты іс-шараға қатысып, белсенділік танытқаны үшін 1 «ә» сыныбы және 4 «г» сынып оқушылары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары газет-журнал беттеріне жарияланып отырды. Мектепалды даярлық топтарының ата-аналарға есеп беру аясында ұйымдастырылыған «Ертегелер елінде»атты іс-шарасы балаларға үлкен қуаныш сыйлап, «Қылықты балалар», «Сыңғырлы дауыстар», «Мың бұралған бишілер», «Дарынды ботақандар», «Сыйқырлы саусақтар»номинациямен марапатталды. Н.НАЗАРБАЕВ Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ЖОЛДАУЫНА  мұғалімдер арасында талданып,Әбілқасымова Жамиляның талдау барысындағы баяндамасы «Сыр бойы» газетіне жарияланды.
2011-2012 оқу жылында мектебімізді 55 түлек тәмамдап, оның 4 грант иегері, 33 түлек жоғарғы оқу орынының студенті,14 түлек  орта арнаулы оқу орындарының студенті ата ды
        2011-2012 оқу жылын бүгінгі таңда жас ұрпаққа тәлім- тәрбие беру және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау, тәрбиенің мәні аға ұрпақтың өз тәжірибесін, өз құштарлығын,өз сенімін жас ұрпаққа жеткізумен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру мақсатында өз жұмысын бастаған тәрбие саласының да жетістіктері мол.
    2012-2013оқу жылы қарсаңында қалалық білім бөлімінің 3 тамыз 2012 жылғы №105 бұйрығын орындау мақсатында және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауын алдын алу, күнкөрісі төмен отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету бағытында   2012 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында мектепішілік «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының іс-шара жоспары жасалып, бекітілді.
  29 тамыз 2012 жылы мектепте жоспарға сәйкес, аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында мектеп ұжымы, демеушілер, ата-аналар,оқушылардың қатысуымен мектепішілік қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акция барысында  мектеп бойынша  материалдық көмек қажет ететін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,жартылай жетім, көпбалалы отбасыларынан 70 оқушыға жалпы көлемі 165.000 теңге көлемінеде көмек көрсетілді. 2012-2013 оқу жылында ЖМОҚ-н бөлінген қаржыға мектеп  бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған,жартылай жетім,көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан 213 оқушыға ыстық тамақпен қамтылды, 180 оқушы киім кешекпен қамтамасыз етілді.
  «Ұстаздар күні» мерекесіне байланысты жұртшылық назарын бір сәт болса да жұмысы қиын әрі жауапты мұғалімдердің қоғамдағы орны мен олардың әлеуметтік жағдайларына назар аударту, оларды бағалап, құрметтеу мақсатында мектеп оқушыларының «Қалдырған ізің мәңгілік» салтанатты жиыны өткізіліп,шара барысында мектеп-лицей директоры мектепке еңбегі сіңген бірқатар мұғалімдерін құрмет грамоталарымен марапаттады. Салтанатты жиынға қатысқан ұстаздар қауымы бұл күнді «жүрекке жылу, бойға қуат, кеудеге мақтаныш пен мейірімділік отын жағатын ерекше мейрам» екенін,өздерінің «жалықпай талмай еткен еңбектерінің ескерілетін күні де – осы» деп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
     Қараша айында сонымен қатар 1-4сыныптар арасында түрлі білім,спорттық сайыстар ұйымдастырылып,өздерінің шапшаңдылығымен,қырағылығымен,ұжымда бірлесе жұмыс жасай алғандығымен оза шыққан,4 «г»сынып оқушылары қалалық Қоғам ТВ ұйымдастырған «Марламқаш»сайысына қатысып,қала мектептерінің арасынан дараланып,жүлделі І орынға ие болды.
    3 «в»сынып оқушысы Полатбай Әйгерім өзінің математика пәні қызықтыратынын және сандар әлеміне деген зор қызығушылығын жеткізіп,«Сандар құпиясы»атты тақырыпты алып,барлық сандардың шығу тарихы мен өздеріне тән ерекшеліктерін,халық ұғымымен байланысты сенім-нанымдар жинақтаған.. Әйгерім аталған тақырыппен қалалық «Зерде»ғылыми жобасына қатысып,жүлделі І орын алып,облыстық ғылыми жобағада қатысып үлгерді.30 қарашада болған облыстық ғылыми жобада Платбай Әйгерім «40 санының құпиясы»атты ғылыми жобасын қайта қорғап,республикаға берілген екі жолдаманың біреуін иеленіп, республикалық кезеңнен І орынды жеңіп алды..Бізде Әйгерімнің ғылымға деген ізденісіне өз ризашылығымызды білдіріп,алдағы күндеріне сәттілік тілейміз.
     «Тәуелсіздік-тұғырым»атты тәуелсіздік күніне арналған 3-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Сайысқа әр сыныптан бір оқушы қатыстырылды.Мектепішілік сайыстың қорытындысы бойынша 4 «б»сынып оқушысы Биназарова Саяның өлеңі І орынмен марапатталып,қала мектептері арасында өткізілетін мәнерлеп оқу сайысына ұсынылды.Қорытындысында 15 желтоқсан күні өтілген қалалық мәнерлеп оқу сайысында Биназарова Сая Қалқаман Саринның «Тәуелсіздік»өлеңін мәнер-леп оқып, қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
           Бастауыш сынып оқушылары және ата-аналарымен «Толағай» отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысында 5 сынып оқушысы Серікбаева Дилназ өз ата-анасымен жеңіске жетті. Қараша айында кала мектептерінің арасында шағын футболдан өткізілген турнирде мектеп командасы жүлделі І орынды иеленді.
      Математика , физика, информатика, пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасының І кезеңінде (қалалық) жүлделі І орынды 11 «ә» сынып оқушысы Нысанова Назерке иеленді. Мұғалімі Сәрсенбай Әлия.«Зерде» Республикалық жас зерттеушілер мен шығармашылық жобалар конкурсының ІІ кезеңіне (облыстық) қатысып, «Бастауыш» секциясы бойынша  Республкалық кезеңге жолдаманы   3 «в» сынып оқушысы Полатбай Айгерим  жеңіп алды, жетекшісі Жуканова Нүргүл.Зерде» Республикалық жас зерттеушілер мен шығармашылық жобалар конкурсының І кезеңіне (қалалық) қатысып,  «жаратылыстану»  секциясы бойынша  5 «ә» сынып оқушысы Орынбасар Әсел иеленді, жетекшісі Тұрлыбекова Меруерт.
        Қызылорда  Облыстық ішкі саясат басқармасының «жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен «БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ:» ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ » ІІІ Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып, ғылыми баяндаманы жан-жақты зерттегені үшін 9 «ә» сынып оқушысы Есенжол Данияр алғас хат иеленді,жетекшісі Абдраманова Марзия.
   №264 мектеп-лицейдің 2012-2013 оқу жылында да жетістіктері  мол. 2012-2013 оқу жылында пәндік олимпиада да сыныптары бойынша физика пәнінен 2 оқушы жүлделі 3-ші орынға, информатика пәнінен 1 оқушы жүлделі 3-ші  орынға, химия пәні бойынша 1 оқушы жүлделі 3-ші орынға ие болса, тарих пәнінен  жүлделі 1 оқушы 2-ші орынды  иеленді. 
   2013-2014 оқу жылында мектеп-лицейде 68 сынып комплектісінде 1807 оқушы білім алуда.Алдағы  уақытта ұжым жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, толағай табыстарға қол жеткізбек ниетте.
 
 
     Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №5 мекен жайда орналасқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған1248 орындық  №264 мектеп-лицейдің құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісін бекіту туралы қала әкімінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі №148-Ө өкімі шықты. №264 мектеп-лицей 2010 жылдың 15 қарашасында ашылды. Мектеп –лицей директоры қызметіне Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы тағайындалды.
     1248 орындық білім ошағында 2010-2011 оқу жылында мектеп-лицей 1604 оқушы,57 сынып жиынтығымен , 187  мұғаліммен өз жұмысын бастады.
    №264 мектеп- лицейінде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Оқуға арналған 50 кабинет болса, лабораториялық кабинеттер саны 6-ға жетіп отыр. Сонымен қатар білім ордасында су жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген кітапхана, оқу залы, 4 технология, 3 информатика кабинеттері бар.  
    Уақыт талабына сай қазіргі күні жаратылыстану- математика бағытына айрықша көңіл бөлініп келеді. №264 мектеп-лицейде жаратылыстану пәндері тереңдетіліп оқытылады. Осы пәндерді оқуға барлық жағдай жасалған. Мектептің құрылыс жобасы бойынша шетел тілдерін, информатика, технология, физика, химия және биология пәндерін топтарға бөліп оқыту үшін барлығы 12 зертханалық және тәжірибелік кабинеттері бар. Мектеп- лицейде 2 спорт зал және оқушыларға  арнайы жабдықталған басcейн жұмыс жасайды. Сондай-ақ мектеп-лицейде оқушылардың денсаулығын жүйелі қадағалау үшін дәрігер, процедуралық, тіс дәрігерлерінің кабинеттері бар. Сонымен қатар, психолог мамандар жұмыс жасайды. Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 448 орындық асхана және 24 орындық арнайы буфет бар.
    Мектеп- лицейде балалардың қызығушылығын оятатын түрлі үйірмелер, спорттық секцияларда жұмыс жасайды. Оның ішінде «Домбыра», «Еркін күрес» секілді үйірмелер балғындардың ерекше көп қатысып, айрықша қызығушылықтарын тудырған жұмыстар қатарында.
 
      №264 мектеп-лицейдің жетістіктеріне келер болсақ 2010-2011 оқу жылында пәндік олимпиада да сыныптары бойынша физика пәнінен 3 оқушы жүлделі 2-ші орынға ие болса, химия және орыс тілі пәндерінен 2 оқушы жүлделі 3- ші орын иеленді.
 
      2011-2012 оқу жылында пәндік олимпиадада сыныптар бойынша физика пәнінен 2 оқушы жүлделі 1-ші және 2-ші орындарға,математика пәнінен 2 оқушы жүлделі 1-ші және 2-ші орындарға, информатика пәнінен 3 оқушы жүлделі 2-ші және 3-ші орындарға, химия және география пәндері бойынша 3 оқушы жүлделі 3-ші орынға ие болса, орыс тілі пәнінен 6 сынып оқушысы Серғазықызы Азиза жүлделі 1-ші орынды  иеленді. 
Бастауыш бірлестігі үшін үлкен жетістік болған дүниетану пәнінен олимпиаданың І кезеңінде (мектепішілік) орын алған оқушылар 3-ші сыныптар аралығында І орын: Қанатбек Дана Дінмұхамедқызы , 4-сыныптар аралығында І орын алған Мырзабеков Фархад Рашидұлы.Аталған оқушылар қалалық олимпиадаға қатыстырылып жүлделі ІІІ орындарға ие болды.Пән мұғалімдері Байқадамова Гүлсім және Молдахметова Ұлған.
2011-2012 оқу жылында мектебімізді 55 түлек тәмамдап, оның 4-уі грант иегері, 33 түлек жоғарғы оқу орынының студенті, 14 түлек  орта арнаулы оқу орындарының студенті атанды
    
 
     2012-2013 оқу жылында пәндік олимпиадада сыныптары бойынша физика пәнінен 2 оқушы жүлделі 3-ші орынға, информатика пәнінен 1 оқушы жүлделі 3-ші  орынға, химия пәні бойынша 1 оқушы жүлделі 3-ші орынға ие болса, тарих пәнінен  жүлделі 1 оқушы 2-ші орынды  иеленді.
 
        3 «в»сынып оқушысы Полатбай Әйгерім өзінің математика пәні қызықтыратынын және сандар әлеміне деген зор қызығушылығын жеткізіп,«Сандар құпиясы»атты тақырыпты алып,барлық сандардың шығу тарихы мен өздеріне тән ерекшеліктерін,халық ұғымымен байланысты сенім-нанымдар жинақтаған.. Әйгерім аталған тақырыппен қалалық «Зерде»ғылыми жобасына қатысып,жүлделі І орын алып,облыстық ғылыми жобағада қатысып үлгерді.30 қарашада болған облыстық ғылыми жобада Платбай Әйгерім «40 санының құпиясы»атты ғылыми жобасын қайта қорғап, республикаға берілген екі жолдаманың біреуін иеленіп, республикалық кезеңнен І орынды жеңіп алды.
 
     Математика , физика, информатика, пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасының І кезеңінде (қалалық) жүлделі І орынды 11 «ә» сынып оқушысы Нысанова Назерке иеленді. Мұғалімі Сәрсенбай Әлия.
 
    2012-2013 оқу жылында мектеп-лицей бойынша 4 оқушы үйден оқытылады. 6 «ә» сыныбында Әбласан Бекжан,3 «в» сыныбында Файзулла Айда,Ережепов Дидар, 4 сынып оқушысы Игнатулла Айдана.
 
  Алтын белгіге үміткерлер саны - 4 , үздік аттестатқа үміткерлер саны - 3 ,   үздік куәлікке үміткерлер сан – 15.
 
    Биылғы жылы жаратылыстану бағыты бойынша 3 сыныпта 75 түлек бітіргелі тұр. Осы уақытқа дейінгі ҰБТ-ның сынама тестері бойынша орташа балл  67,2.
 
         Қазіргі таңда мектеп-лицейде 64 сынып комплектісінде 1920 оқушы білім алуда, 201 мұғалім жұмыс істеуде. Алдағы  уақытта ұжым жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, толағай табыстарға қол жеткізбек ниетте.

Опрос

Статистика

  • On month29
  • On week5
  • Yesterday0
  • Today0
  • Online:0

Полезные ссылки