Меню KDT

Қызылорда қаласы № 264 мектеп – лицейінің
информатика пәнінің мұғалімі 
Киымов Габдул Калилаевич 

Сынып: 8

Тақырыбы: Объектілерді енгізу,  анимация,  мультимедиа

 
  • Мақсаты:  Пішінге объектілерді кірістіру жолын түсіну

Объектілерді кірістіріп, қасиеттерін беріп, қарапайым мысалдарды қолдану.

            Зейін қойып, мұқият жұмыс жасауға  қалыптасу. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, ой-өрісін дамытып, көшбасшылыққа қалыптастыру, білімге құштарлығы мен компьютерлік біліктіліктерін арттыру.

            Күтілетін нәтиже: Оқушылар Visual Basic  терезесінің  басқарушы элементтерін қолдана отырып, кез-келген объектілерді мультимедиялық , анимациялық қозғалыстарға келтіре алады.

            Әдісі: «Гүл сыйлау», «Крестиктер мен нөлдіктер», «Танып ал да, атын ата»
 
Сабақтың барысы

 

Р/с

Сабақтың барысы
 

Уақыты

І.

Ұйымдастыру.

       Оқушылармен сәлемдесу, көңіл күйлерін сұрап және сынып бөлмесінің сабақ өтуге дайындығына шолу жасап, сабаққа қатысушы оқушыларды түгелдеу.
       Оқушылар қалаған фигураны алып, өз тобын анықтап, сол фигураның артқы жағында топ басшысы жазылған фигура болса сол топтың топ басшысы болады. Әр топ өздері үшін жұмыс жасайды. (Бағалау парағын топ басшысына беріп қойып, өздері бағалап отырады.)      
 

2 мин

ІІ.

Үй тапсырмасын сұрау.

          1.«Гүл сыйлау» әдісі. Топтық/жеке жұмыс.Мен қазір бір оқушыға гүл сыйлаймын.  Ол оқушы менің гүлімді алып келесі топтағы оқушыға сол гүлді сыйлап сұрақ қояды. Ал ол оқушы сұрақтың жауабын айту керек. Әр оқушы бір сұраққа 1 баллдан жинап отырады.  Бұл гүл сыйлау әдісінде  жеке оқушы бағаланады.

  1. Крестиктер мен нөлдіктер" ойыны.

            Топтық жұмыс. Әр топ өздері бір плакатка крестик пен нөлдіктерді сызып отырады. Жауабы мен дұрыс шықса  5 баллды иеленеді.  Бұл ойында топ бағаланады.
 

10 мин

ІІІ.

Жаңа сабақ.

Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және олардың дизайнін жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені пішін немесе объекті деп атаймыз.
Visual Basic тілі арқылы пішінге кез келген графикалық редакторда салынған суреттерді, дайын суреттерді немесе басқа да кез келген графикалық файлдарды енгізуге болады. Ол үшін пішінге Image Picture Box элементтерін орнатып, керекті файлдардың адресіне сілтеме көрсету керек. Егер пішінге Image батырмасын орналастырып, қасиеттер терезесінен Picture  батырмасын шертсек, файлдар жинағының адрестік диалогтік  терезесі пайда болады. Осы жерден файл адресін таңдап алып Ашу батырмасын шертсек, автоматты түрде файл элементке орналасады, бірақ өлшемдері үлкен болуы мүмкін. Сондықтан биіктігі мен енін қасиеттер терезесі арқылы немесе кодтау арқылы өзгертеміз. Пішінге файл кірістіргенде пішіннің екі жағынан айналдыру жолағы пайда болады.
Анимациия
Анимация дегеніміз – суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі . Анимацияны құрудың екі жолы бар: біріншісі – дайын суреттерді қолдану арқылы суреттер жасау, бұл класикалық әдіс деп аталады. Классикалық әдіс «gif» файлдары арқылы жасалады.  Екінші жолы компьютерлік ойындарды жасағанда кадрлық анимацияларды ұсынады, мұнда кадрлар экранның кез келген жерінен шығу жолымен іске асады .

  • Анимация уақытсыз қолдану

Уақыты (Тimer) пайдаланып анимация және PaintPicture әдісын қолдану.
          Мультимедиа  дегеніміз – компьютерде аудио және видео ақпараттармен жұмыс істеу технологиясы. Visual Basic мультимедиа құрылғыларын басқару үшін арнайы MCI (Mulitimedia Control Interface) интерфейсі қолданылады. Visual Basic тілі мынадай мультимедиалық файлдардың форматтарын ұсынады: AVI (Audio Visual Interleaved) бейне файл, MPEG, MID, WAV (Дыбыстық файл). Мультимедиалық интерфейсі қасиеттер мен бұйрықтар жиынынан тұрады, ал бұларды бақылайтын Microsoft Multimedia Control басқару элементі негізгі компонент болып саналады. Мультимедианы пайдалану үшін Project (Жоба) мәзірінен Componenents (Компоненттер) бұйрығы арқылы (Mulitimedia Control Interface) кітапханасын қосу керек. Белгіленген батырмалар ToolBox құрал – саймандар тақтасына қосымша мультимедиалық батырма болып қосылады. «Танып ал да, атын ата»
Әдісі Интербелсенді тақтадан суреттер беріліп сол суреттердің қызметін және атын дұрыс табу керек. Тапқан топ оқушысына  І балл беріледі. Ал егер дұрыс жауап бермесе 2 топ мүшесі жауап беріп балы сол топтағы оқушыға өтіп кетеді.
Дәптерлеріңе бүгінгі күннің ретін тақырыпты жазыңдар. 
 
 

13 мин

ІҮ.

Жаңа сабақты игеру, бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тапсырма береді. Топ тапсырманы орындап, жұмыстарын қорғайды. Топтарды топ басшысы бағалайды.
І топ   Анимация дегеніміз не, неше жолы бар, оны қалай іске қосамыз, қалай пайдаланамыз?
2 топ  Мультимедиа дегеніміз не, оны қалай іске қосамыз, қандай форматтарын білесіңдер?
3 топ  Басқару элементтерін атын және қызметтерін жазып түсіндіріңдер.
2. Практикум. Әр топ өзіне берілген тапсырманы компьютерде орындайды. Топтар бір-бірін бағалайды.
 
 

15 мин

Ү.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Жаңа термин сөздермен жұмыс
Enabled қасиеті не үшін қажет?
Interval қасиеті не үшін қажет?
Анимацияны жүзеге асыру үшін бізге Timer керек пе? Керек болса не үшін?
Visible қасиеті не үшін қажет? Оның қандай мәндері болуы мүмкін?
False мәні нені білдіреді?
True мәні нені білдіреді?
AutoSize  қасиеті не үшін қолданылады?
 

2 мин

ҮІ.

Бағалау.

Сабақты бағалау оқуды бағалау емес, топ басшысы бағалау модулі бойынша жүреді.
Топ басшысы оқушыларды, топтарды берілген жауаптарына байланысты бағалайды. Сабақ соңында «Топ басшысы» жинаған ұпайлар бойынша бағасын шығарады.
10 – 12 балл = 5
7 – 9 балл = 4
5 – 7 балл = 3
 

2 мин

ҮІІ.

Үйге тапсырма.

1. “Объектілерді енгізу,  анимация,  мультимедиа.” оқу.
2. І топқа: Анимация мүмкіндіктері туралы реферат  жазу.
3. ІІ топқа: Visual Baisic программасының мүмкіндіктеріне сөзжұмбақ құрастыру.
4. ІІІ топқа: Мультимедиа сөзіне ребус құрастыру.
 

 
 
1 мин

 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Опрос

Статистика

  • За месяц29
  • За неделю5
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки