Меню KDT


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген.Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың көгілдір біртүстілігі, аспанның бұлтсыз таза күмбезін еске түсіріп, Қазақстан халқының бірігудің жоғары және игілікті идеясына бейімділігін бейнелейді.Мемлекеттік жалаудың көгілдір аясы, Қазақстан халқының жаңа мемлекет құруға ұмтылу ниетінің тазалығы мен көтеріңкілігін көрсетуге шақырады. Өз сәулесіне шомылған алтын Күн, тыныштық пен байлықты білдіреді. Күннен тарайтын шапақтардың саны - 32. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала бүркіті қазақтардың жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің биіктігін танытады[1]Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді. Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі және Мемлекетті тудың бейнесін пайдалану ережелер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңында бегітілген.

 

Опрос

Статистика

  • Осы айда29
  • Осы аптада5
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки